Арафатты еске алу

Your browser doesn’t support HTML5

Палестина халқы осыдан тоғыз жыл бұрын қайтыс болған бұрынғы басшылары Ясир Арафатты еске алып, құран бағыштады. Палестинаның қазіргі президенті Махмуд Аббас марқұмның қазасының құпиясын ашу үшін тергеу жүргізуге шақырды. Ясир Арафат 2004 жылы 11 қарашада 75 жасында Париж ауруханасында қайтыс болған. Ресми түрде оған «инсульт алды» деген диагноз қойылған. Бірақ оның сүйегіне зерттеу жүргізген швейцариялық мамандар оның ажалы аса улы зат – полониядан --> http://www.azattyq.org/content/polonium_the_perfect_poison/25161808.html келуі мүмкін деген қорытынды жасаған. Өткен аптада Арафаттың жесірі күйеуінің қазасын «саяси кісі өлтіру» --> http://www.azattyq.org/content/news/25160517.html деп мәлімдеген.