Байқоңырдан ұшырылған спутник орбитаға шықты

Байқоңырдан Ресейдің "Протон-М" зымыран тасығышының ғарышқа ұшқан сәті. 30 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Байқоңырдан бүгін ұшырылған ресейлік әскери мақсаттағы "Радуга-1М" спутнигі орбитаға шығарылды деп хабарлайды "Роскосмос" агенттігі.

Спутникті Байқоңырдан ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы алып ұшқан еді.

2013 жылы 2 шілдеде Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшыраған ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышынан бірнеше жүз тонна улы отын – гептилдің төгілуі Қазақстан қоғамында қарсылық акцияларын туғызған еді. Бұл апаттан кейін "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдан ғарышқа екі рет - 30 қыркүйекте және 26 қазанда ұшырылған.