Қос майдан бірікті

Your browser doesn’t support HTML5

Украина оппозициясы елдің Еуроодақпен интеграциясын қолдап Киевтегі Тәуелсіздік алаңы мен Еуропа алаңында өтіп жатқан наразылық шаралары біріктірілгенін мәлімдеді. Бірігу қажеттігін екі алаңда ортақ талап қойылып отырғанымен түсіндірген «Батькивщина» партиясының жетекшісі Арсений Яценюк: «Біздің бәріміз Еуроодақпен келісім жасалғанын қалайтын бір украин ұлтымыз» деп мәлімдеді. Бұл пікірді «УДАР» оппозициялық партиясының жетекшісі Виталий Кличко де қолдады. 27 қарашаға қараған түні екі алаңда өткен наразылық акцияларын милицияның арнайы жасағы бақылап тұрды. Бұл түні қақтығыстар болған жоқ.