Бангкокте туристер азайды

Your browser doesn’t support HTML5

Таиландтағы үкіметке қарсы шерулер жергілікті туризм саласына кесірін тигізді. Бангкоктегі әдетте жұрттан арылмайтын орындар қазір босап қалғандай. Жергілікті туристік агенттіктер елге келетін саяхатшылар азайып кеткендіктен зиян шегіп жатқандарын айтады. Тайланд королінің туған күні қарсаңында саяси шерулер саябырсығандай болды. Бірақ оппозиция бұл мереке өткен соң қарсылықты жалғастыратынын мәлімдеді.