Киевтегі шеруді тарату

Your browser doesn’t support HTML5

Украина милициясы Киев қаласының орталығындағы шерушілер орнатқан баррикадаларды бұзуға кірісті. Бүгін биліктің демонстранттарға көшені босатуға берген мерзімі бітті. Үкімет үйлері орналасқан ауданнан полиция күштері наразыларды тықсырып шығара бастады. Әзірге қауіпсіздік құрылымдары Тәуелсіздік алаңындағы шерушілерді қозғамаған. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, милиция наразыларға күш қолданып жатқан жоқ. Украинадағы үкіметке қарсы шерулер басталғалы үш аптаға таяды. Мыңдаған азаматтар көшеге шығып, Украинаның Еуропа Одағымен серіктестік келісіміне қол қоймағанына қарсылық білдіріп жатыр.