Шерушілер журналиске жақтасты

Your browser doesn’t support HTML5

Украина астанасы Киевте жүздеген шеруші апелляциялық сот алдына келіп, "Жазықсыз жанды босатыңдар!" деп ұрандатты. Журналист Валерий Гарагуц - 1 желтоқсанда президент әкімшілігі ғимараты маңында өткен шеру кезінде "тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айыппен тұтқындалған азаматтардың бірі. Оны екі айға қамау жайлы шешімді қарауы тиіс апелляциялық сот жауапкер ауруханаға түсіп қалғандықтан өтпеді.