Киевтегі жиын

Your browser doesn’t support HTML5

Украинада қалыптасқан саяси дағдарыстан шығуды талқылау үшін жалпыұлттық диалог өткізу туралы ұсыныс айтылды. Оған билік пен оппозиция, дінбасылар мен қоғам өкілдері, сондай-ақ Украинаның бұрынғы үш президенті – Леонид Кравчук, Леонид Кучма және Виктор Ющенко шақырылды. Бірақ, 11 желтоқсанға қараған түні билік «Еуромайданды» күшпен таратуға әрекет жасаған соң, оппозиция дөңгелек үстелге қатысудан бас тартты. Экс-президент Ющенко "оппозиция қатыспай диалог өткізудің мәнісі жоқ екенін" айтты. 11 желтоқсан 2013 жыл.