Түркияда екі күрд заңгері түрмеден босатылды

Түркия туы. (Көрнекі сурет)

Түрік соты екі күрд заңгерін босатуға шешім шығарды. Олар "содырлармен байланысы бар" деген айыппен қамалған. 

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Диярбақыр қаласының соты оларды жұма күні босатты. Екі заңгердің конституциялық құқықтары бұзылған деп танылды.

Түркия конституциялық соты олардың әрқайсысына өтемақы ретінде 1 мың 400 доллар төлейтін шешім шығарды. "Бейбітшілік және демократия" партиясының өкілдері Ибрагим Айхан и Гүлзер Йылдырым 2010 жылы Күрд жұмысшылар партиясымен байланысы бар деген күдікпен ұсталған.

Түркияның оңтүстік-шығысында өзін-өзі басқаратын аймақ құруды көздейтін Күрд жұмысшылар партиясы отыз жыл бұрын таратылған еді. Күрд көтерілісшілерімен қақтығыс барысында осы кезге дейін 45 мың адам опат болды.