Гоада құтқарушылар құлаған үйді аршып жатыр

Гоа жағалауы. (Көрнекі сурет)

Үндістанның Гоа штатындағы Канакона елді мекенінде салынып жатқан үй құлап, 14 адам қаза тапты. Жараланғандар - 20 адам. Олар ауруханаға жеткізілген.

Құтқарушылар үйдің үйіндісін аршуға кірісті. Үйінді астында ондаған адам қалды деген болжам бар.

Үй сенбі күні құлаған. Құлаған ғимарат - жаңадан салынып жатқан тұрғын үй. Құрылыс бес қабаттан тұрған. Үйді салып жатқан компания үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер құрылыс ережелері бұзылған деп санайды.