Мурсидің соты шегерілді

Your browser doesn’t support HTML5

Египеттің биліктен шеттетілген президенті Мұхаммед Мурсидің сотына оның адвокаттары келді. Алайда Каирде полиция академиясында өтеді деген сотқа Мурсидің өзін әкелу екі күннен бері мүмкін болмады. Оған ауа-райының қолайсыздығы себеп болған. Мурси Александрия қаласындағы түрмеде жатыр. Сот енді 1 ақпанға шегерілді. Мурси мен оның "Мұсылман бауырлар" қозғалысындағы 14 жақтасы 2012 жылы көшеге шыққан оппозицияшыл демонстранттардың қазасына арандатушылық жасады деп айыпталған.