Бішкекте шетелдік күдікті екі адам ұсталды

Көрнекі сурет.

Бішкекте халықаралық террористік ұйымның мүшесі деген күдікпен екі адам ұсталды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің 8 қаңтарда таратқан ақпараты бойынша, ұсталғандар - Сириядағы соғысқа қатысқан шетел азаматтары. Олар Қырғызстанға жалған құжаттармен заңсыз кіріп, ол жерден Сириядағы соғысқа адам тартпақ болған. 

Ұсталғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.