Гиффордс парашютпен секірді

Your browser doesn’t support HTML5

АҚШ Конгресі өкілдер палатасының бұрынғы мүшесі 43 жастағы Габриэль Гиффордс өзіне қастандық жасалғанына үш жыл толған күнді ұшақтан парашютпен секіріп атап өтті. Ол 2011 жылы 8 қаңтарда Тусон қаласында сайлаушылармен кездесу кезінде қылмыскер атқан оқтан ауыр жаралаған еді. Сол жолғы оқиғадан 6 адам қаза тауып, тағы 13 адам жараланған болатын. Бұл қылмыс бойынша айыпты деп танылған Джаред Ли Лофнер 2012 жылы қарашада өмір бойы түрме жазасына кесілген.