Сиам егіздері сұр кит

Your browser doesn’t support HTML5

Калифорния түбегінің оңтүстігінде Охо-де-Льебре мүйісіндегі теңіз қолтығынан денелері бір біріне жабысып туған жас егіз сұр киттің өлі тушасы табылды. Мамандар бұған дейін сұр киттер арасында сиам егіздері кездеспегенін айтады. Салмағы жарты тоннадай, ұзындығы – төрт метрге жететін киттің екі басы, қос құйрығы мен екі жүзбеқанаты бар. Экологиялық ұйым қызметкерлерінің пайымдауынша, егіз китке ортақ денемен тіршілік ету қиындық туғызып, өлуіне себеп болуы мүмкін.