Бағдадта жарылыстан он шақты адам қаза тапты

Иракта жарылған көлік. (Көрнекі сурет)

Бағдад орталығындағы автобус тұрағында бүгін жарылғыш заттар салынған көлік жарылды.

Кем дегенде 9 адамның қаза тапқаны хабарланды. 16 адам жараланған. Бұл туралы полиция мен аурухана өкілдері хабарлады.

Жарылысты ешқандай ұйым мойнына алмаған. Алайда Reuters агенттігі соңғы жылдары бұл елде сүннит экстремистерінің ықпалы артқанын айтады.

1 қаңтар күні содырлар Анбар провинциясындағы екі қала - Рамади и Фаллуджаны басып алған еді. Бұл қалаларда көбіне сүнниттер тұратын.

Үкімет әскері жергілікті тайпалардың көмегімен "әл-Қаидамен" байланысы бар экстремистерді бұл қалалардағы негізгі аудандардан тықсырып шығарған.

Ирактағы қақтығыстар бес жыл бұрынғыдан қарағанда әлдеқайда жиілеп кеткен.