Индонезияда 15 адам жанартаудан қаза болды

Индонезиядағы Синабунг жанартауы. Суматра аралы, 13 қаңтар 2014 жыл.

Индонезиядағы Суматра аралында Синабунг жанартауының атқылауы салдарынан 15 адам мерт болғаны хабарланды.

Қаза болғандардың арасында мектеп оқушылары да бар.

Былтыр қыркүйек айында тыныш қалпынан «оянған» Синабунг жанартауы биыл ақпанның 1-і күні кезекті рет атқылап, одан көтерілген ыстық күл төңіректегі ауылдарды басқан.

Табиғат тосын мінез танытқан аймақта кемінде 50 адам хабар-ошарсыз кеткен. Қазір оларды құтқару-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.