"Прогресс" кемесі ғарыш станциясымен түйісті

Your browser doesn’t support HTML5

Байқоңырдан 5 ақпанда ресейлік "Союз У" зымыран тасығышы алып ұшқан "Прогресс М-22М" жүк таситын ғарыш кемесі алты сағатқа жуық уақыт өткенде халықаралық ғарыш станциясымен түйісті. Кеме ғарыш станциясына жерден жалпы салмағы 2,4 тонна жүк - отын, ауызсу, ауа толтырылған баллондар, экипаж мүшелері отбасыларының сәлемдемелерін және өзге де заттарды жеткізген.