Майданның ұсынысы

Your browser doesn’t support HTML5

26 ақпан күні Киевтегі Тәуелсіздік алаңына жиналған мыңдаған шеруші Украинаның жаңа үкіметі құрамына кандидаттар ұсынды. Майданға келгендер "Батькивщина" партиясы жетекшісі Арсений Яценюкті - премьер-министр, шерушілерді қорғау тобының жетекшісі Андрей Парубийді - Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы, "Правый сектор" қозғалысы жетекшісі Дмитрий Ярошты - Парубийдің орынбасары, "Автомайдан" шеруіне қатысып, соққыға жығылған Дмитрий Болатовты - спорт министрі, журналист Татьяна Чорновилді - антикоррупциялық бюро басшысы қызметіне ұсынды. Украинаның уақытша президенті міндетін атқаруға кіріскен Александр Турчинов Майданда жаңа үкімет жұмысы жолға қойылғаннан кейін орнынан кететінін мәлімдеді.