Словакияда президент сайлауы өтіп жатыр

Президент сайлауына түсіп жатқан Словакия премьер-министрі Роберт Фицо.

15 наурыз күні Словакияда президент сайлауы өтіп жатыр.

Кандидаттар саны - 14. Әлеуметтік сауалнамаларға қарағанда, сайлауда қазіргі премьер Роберт Фицо жеңуі мүмкін. Оның басты қарсыласы - кәсіпкер Андрей Киска.

Бүгін кандидаттардың бірде-бірі 50 пайыздан артық дауыс жинай алмаса, 29 наурыз күні сайлаудың екінші туры өтеді.

Словакия президенті премьер-министр мен сот жүйесінің басшыларын тағайындайды. Мемлекет басшысының билік ету мерзімі - 5 жыл.

Словакияның қазіргі президенті Иван Гаспарович 2004 жылы сайланған. Ел конституциясы оған үшінші мерзімге сайлануға мүмкіндік бермейді.