Түркияда қарулы адам өзі мен алты адамды өлтірді

Көрнекі сурет.

Түркияның шығысындағы Карс қаласында бүгін белгісіз қарулы адам алты адамды өлтіріп, соңынан өзін-өзі атып тастаған.

Түркияның мемлекеттік "Анадолу" агенттігінің хабарлауынша, оқиға қаладағы Түркия мемлекеттік статистика институтында болған.

"Хурриет" басылымының дерегінше, қарулы адам таяуда ғана жұмыстан шығарылған статистика институтының қызметкері болған.