Украина офицерлері босатылды

Your browser doesn’t support HTML5

Украина Қырымда Ресей әскерилері тұтқындаған Украинаның он бір офицерінің алтауы босатылғанын хабарлады. Олардың бірі - Белбек әуе базасының офицері Юлий Мамчур ресейлік әскерилердің оны Украинаға берген антынан бас тартқызуға және Ресей армиясы қатарында қызмет етуге көндірмек болғанын айтады. Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов босатылған офицерлер мемлекеттік наградаға ұсынылатынын айтты. Ресей әскерилері соңғы бірнеше аптада Қырымдағы Украина әскери базаларын бірінен соң бірін басып алған.