Жоғалған ұшақты іздеу

Your browser doesn’t support HTML5

Malaysia Airlines компаниясының Boeng 777 жолаушылар ұшағын іздеу үшін 2 сәуірде АҚШ пен Қытай әскери ұшақтары Перт әуежайынан ұшып шықты. Халықаралық топ 8 наурызда жоғалған ұшақты ол құлаған деген болжам жасалған Австралияның батысындағы теңіз аймағынан іздеп жатыр. Ұшақтағы жазбаны тіркейтін «қара жәшіктердегі» батареялардың қуаты 7 сәуірде таусылатыны хабарланған.