Кәрім Мәсімов премьер-министр болды

Кәрім Мәсімов бұған дейінгі премьер-министр кезінде. Санкт-Петербург, 8 мамыр 2010 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2 сәуір күні Кәрім Мәсімовті премьер-министр қызметіне тағайындау туралы жарлық шығарды.

Жарлыққа сәйкес, Мәсімов Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылады.

Кәрім Мәсімов бұған дейін 2007-2012 жылдары да Қазақстан премьері қызметін атқарған.

Қазақстан үкіметін 2012 жылдың қыркүйек айынан бері басқарып келген Серік Ахметов 2 сәуірде отставкаға кеткен.