Пәкістан үкіметі Талибан қозғалысымен жүргізіп жатқан келіссөздеріне "оң ықылас таныту" ниетімен ұйымның 13 мүшесін түрмеден босататынын мәлімдеді.
Талибанның және үкіметтің бейбітшілік жөніндегі комитеті өкілдерімен кездескеннен кейін ішкі істер министрі Чаудри Нисар Али Хан Талибан да бұған "қайтарым жасайды" деген үміті барын білдірді.
Министр бұған қоса алдағы аптада келіссөздердің келесі кезеңі өткенде босатылатын тұтқындар саны 30-ға жуықтайтынын айтты.
4 сәуірде Талибанның Пәкістандағы бөлімі ("Техрик-е Талибан") үкіметке тұтқындарды босатып, әскерін кері әкетуіне мүмкіндік беру үшін наурызда жариялаған бітім мерзімін 10 сәуірге дейін созған.
Исламабад ақпан айында "Техрик-е Талибан" өкілдерімен ұйымның 2007 жылы бастаған бүлігін тоқтату үшін келіссөздер бастаған.