Пәкістанда жарылыстан 12 адам қаза тапты

Жарылыс болған пойыз вагондары жанында тұрған адамдар. Сиби, Пәкістан, 8 сәуір 2014 жыл.

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында 8 сәуір күні пойызда болған жарылыс салдарынан 12 жолаушы қаза тауып, 35 адам жараланған. Оқиға провинцияның оңтүстік-батысындағы Сиби қаласында болған.

Жарылысқа жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Пәкістан билігі 7 сәуір күні Белуджистан провинциясында қауіпсіздік күштерінің арнайы операциясы барысында 30 бүлікшінің көзі жойылғанын мәлімдеген еді.