Бағдадта жарылыстардан 13 адам мерт болды

Бағдадта жарылыс болған жерде. Ирак, наурыз, 2014 жыл.

Бүгін Ирак астанасы Бағдадта алты жарылыс болып, 13 адам қаза тапты. Ондаған адам жараланған. Көлікке жасырылған бомбалар қаланың шииттер көп тұратын аудандарында жарылған.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, жарылыстар ирактықтар 2003 жылы АҚШ басып кіріп, Саддам Хусейн билігі құлағанына 11 жыл толғанын атап өтіп жатқан мезгілде болған.

Иракта 30 сәуірде парламент сайлауы өтуі тиіс.