"Газпром" "ҚырғызГазды" сатып алды

Ресейлік "Газпром" компаниясының белгісі. (Көрнекі сурет)

Ресейдің "Газпром" компаниясы Қырғызстанның "ҚырғызГаз" компаниясын толық бақылауына алды.

"Газпром" басшысы Алексей Миллер бұл туралы бүгін Бішкекте Қырғызстан үкіметімен жасалған келісім-шартқа қол қойған соң мәлімдеді. Келісімді тарихи мәні бар" деп бағалаған Миллер "Газпром" Қырғызстаннан "ҚырғызГаздың" 100 пайыз акциясын сатып алғанын, енді "ҚырғызГаздың" атауы "Газпром-Қырғызстан" деп өзгеретінін айтты.

"ҚырғызГаздың" барлық қарыздары "Газпромның" құзырына өтеді, қырғызстандық тұтынушылар үшін табиғи газдың бағасы арзандатылады. Компанияның барлық жобалары мен бағдарламалары Қырғызстан үкіметінің қатысуымен жүзеге асырылады" деді Миллер.