Сирияда қақтығыстардан 51 адам қаза тапты

Сириядағы қақтығыстың бір көрінісі. (Көрнекі сурет)

Сирия құқық қорғаушыларының дерегі бойынша, Сирияның шығысындағы өзара жауласқан көтерілісші топтардың арасындағы қақтығыстарда 51 адам қаза тапты.

Лондонда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымы қақтығыстардың Сирияның Иракпен шекарасындағы Дейр эль-Зур провинциясының Альбу-Камаль қаласында болғанын хабарлайды.

Қақтығыстар "Ирак және Шам ислам мемлекеті" тобының мүшелері мен "Әл-Қаидамен" байланысы бар "Әл-Нусра майданы" тобының өкілдері арасында болған.

Құқық қорғаушылардың мәлімдеуінше, "Ирак және Шам ислам мемлекеті" тобының жасақтары биыл Альбу-Камаль қаласынан ығыстырылып шығарылған.