Славянскіде АҚШ журналисін кепілге алды

Your browser doesn’t support HTML5

Өзін өзі Украинаның шығысындағы Славянск қаласының мэрі деп жариялаған Вячеслав Пономарев өз адамдары АҚШ журналисі Саймон Островскийді кепілге алғаны туралы хабарлады. Островский жұмыс істейтін Vice News жаңалықтар сайты журналистің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әрекет жасап жатқанын айтады. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Джен Псаки журналисті кепілге алған ресейшіл белсенділердің ісін айыптады. Саймон Островский соңғы бірнеше апта бойы Украинадағы дағдарыс туралы материалдар жариялаған. Оның соңғы жазбасы дүйсенбі күні Twitter әлеуметтік желісінде шыққан еді.