Донецк телемұнарасын басып алу

Your browser doesn’t support HTML5

Донецкіде облыстық мемлекеттік телерадиокомпаниясын басып алған ресейшіл сепаратистер аймақта қайтадан ресейлік телеарналар хабарларын таратуды талап етті. Милиция сепаратистерге қарсы шаралар қолданған жоқ. Сепаратистер телемұнара ғимаратының төбесіне өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасының» туын тікті. Ғимаратты басып алғандар арасында бетперде мен камуфляж киген бірнеше ер адам украиналық телеарналар хабарларын тоқтатып, ресейлік телеарналар хабарлары таратылатынын мәлімдеді. 27 сәуір 2014 жыл.