Киевтегі түнгі жаттығу

Your browser doesn’t support HTML5

1 мамырға ауған түні Киевке автомат және пулеметпен қаруланған жүз шақты жауынгер БТР көліктерімен кірді. Олар қауіпсіздік жаттығуларын өткізді. 30 сәуір күні Украина президенті міндетін атқарушы Александр Турчинов қарулы күштердің Ресей агрессиясына қарсы жауынгерлік әзірлікке келтірілгенін хабарлады. Украина мемлекеттік қауіпсіздік басқармасы бастығы Валерий Гелетей "Президент сайлауы қарсаңында жауынгерлік әзірлік күшейтілді. Қырым аннексиясы, елдің шығысындағы жағдайды да білесіздер" дейді. Киев Мәскеуді елдің шығысында тәртіпсіздік ұйымдастырды деп айыптайды.