Обама Ресейді сауда жеңілдіктерінен айырмақ

АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама 7 мамыр күні конгреске (АҚШ парламенті) Ресейге берілген сауда саласындағы жеңілдіктерді жою жоспары бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұл шешімін Обама "Ресей - экономикалық тұрғыда жеткілікті түрде дамыған ел, сондықтан оған дамушы елдерге жасалатын жеңілдіктердің қажеті жоқ" деп түсіндірді. 

Жеңілдіктер алынып тасталғаннан кейін АҚШ-қа келетін Ресей тауарларына салынатын салық көбейеді. 

АҚШ-тың жеңілдіктер бағдарламасынан пайда көріп отырған елдің бірі Ресей еді. Ол жеңілдіктерден көретін пайдасы жағынан (296 миллион доллар) әлемде 9-орында тұрған.