Шымкенттегі дауыл

Your browser doesn’t support HTML5

Шымкентте қатты соққан дауылдан қалалық хайуанаттар бағында үлкен ағаш құлап, осы бақта жұмыс істейтін 52 жастағы әйел мерт болған. Қатты желден қаланың кейбір бөліктерінде жарық сөніп, бірқатар үйлердің шатырлары ұшып кеткен, ағаштар құлап, билбордтар жыртылған. Көше қиылыстарының кейбірінде бағдаршамдар істен шығып, көлік қозғалысына кедергі келтірген. 12 мамыр 2014 жыл.