Бішкекте Кеден Одағына қарсы белсенділер ұсталды

Your browser doesn’t support HTML5

Бішкекте полиция Кеден Одағына Қырғызстанның қосылуына қарсылық білдірген бірнеше белсендіні ұстады. Наразылық шарасы парламент алдында, депутаттар Қырғызстанның Кеден Одағына кіруі туралы жол картасын талқылап жатқан кезде болған. Қырғызстан экономика министрі Темір Сариев Ресей, Қазақстан және Беларусь мүше Кеден Одағына қосылудан Қырғызстанға "зиянынан гөрі пайдасы көбірек тиеді" деп мәлімдеген. Бұған дейін Қырғызстан премьер-министрі Жоомарт Оторбаев үкіметтің Кеден Одағына кіру мерзімін бір жылға шегеруге тырысып жатқанын айтқан еді. 20 мамыр 2014 жыл. Азаттықтың Қырғыз қызметі түсірген видео.