Астанадағы наразылық

Your browser doesn’t support HTML5

Үйлері мен жер телімдерінің "мемлекет қажетіне" алынуына наразы он шақты адам Қазақстан президенті резиденциясы - Ақорданың алдындағы алаңға барып, бір-бірін шынжырмен байлады. Бұдан кейін олар президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездестіруді талап етіп, Ақорданың қақпасына қарай жүрді. Бірақ полицейлер наразы тұрғындарды бір-біріне шынжырмен таңылған күйі көліктерге мінгізіп алып кетті. Астана, 23 мамыр 2014 жыл.