Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға барды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің төртінші саммитіне қатысу үшін Түркияның Бодрум қаласына барды деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Түркияда Назарбаев саммиттен бөлек кеңеске мүше елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер де өткізбек.