Абайдың шөбересі қайтыс болды

Абайдың шөбересі Ишағы Жағыпарқызы. Алматы, 3 тамыз 2012 жыл.

Абайдың шөбересі - бәйбішесі Ділдәдан туған ұлы Мағауиядан тарайтын Ишағы Жағыпарқызы 92 жасында қайтыс болды.

Марқұмның туыстарының Азаттыққа хабарлауынша, Ишағы Жағыпарқызы Шығыс Қазақстан облысындағы Ақшоқы ауылына жерленеді.

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Ишағы Жағыпарқызы - Абай әулеті жайлы естеліктер мен деректерді жеткізген адамдардың бірі.