Ресейдің жалған насихаты – 2

"Брест қамалы" (Ресей-Беларусь, 2010 жыл) фильмінің кадрін "украин армиясының Донбастағы жауыздығына дәлел" ретінде жариялаған.

"Мир 24" телеарнасы Facebook парақшасында Косоводағы босқындардың 1999 жылы түсірілген суретін "Украинадағы 2014 жылғы босқындар" ретінде сипаттап берді. Қазір ол суретті алып тастаған.

Ресейлік актер Иван Охлобыстин Сан-Францискодағы гей-парадты "Киев мэрін сайлау шарасын тойлап жүрген украиналықтар" ретінде жариялады.

1992 жылы Боснияда көшеде көз жұмғалы жатқан босниялықты теуіп тұрған серб әскерінің суреті "Донбасты украин армиясынан қорға" деген ұранмен жарияланды.

Компьютерлік бағдарламаның арқасында "Донецк халық республикасының" туы "ғарыш станциясына" шығып кетті.

Баласы ресейшіл сепаратистердің қолынан қаза тапқан Славянск тұрғынын "Киев хунтасының" айуандығын айтып тұрған адам" ретінде сипаттады. (Видеоның түпнұсқасы мұнда)

Әлеуметтік желілерде "Тернопольдің Польшаға қосылуын жақтаған шеру" деп сипатталған фото - Варшавада 2012 жылы қыркүйекте болған шерудің суреті.

Мексикадағы есірткі соғысы құрбандарының мәйітін "украин әскерінің сүйегі" деп сипаттады.

Белградтың 1999 жылғы бомба түскеннен кейінгі сәттегі фотосын "украин армиясы атқылаған Славянск" деп суреттеді.

Шешенстандағы оқиғаның суретін "Украинада болған іс" деп баяндады.

КӨРІҢІЗ: РЕСЕЙДІҢ ЖАЛҒАН НАСИХАТЫ - 1