Парламент тұңғыш президент туралы заңға түзетуді мақұлдады

Астанадағы «Қазақ елі» сәулет-мүсін кешеніндегі қолын Конституцияға қойып тұрған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі. (Көрнекі сурет)

Қазақстан парламенті мәжілісі бүгін өткен пленарлық отырысында сенаттың "Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалдық заңнамаларды жетілдіру мәселелері бойынша кейбір конституциялық заңнамаларына түзетулер енгізу туралы" конституциялық заң жобасына енгізген толықтыруларын талқылап, мақұлдады.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, депутат Рамазан Сәрпеков заң жобасы "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Ұлт көшбасшысы туралы" конституциялық заңын президент Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттің күзет қызметі мен Республикалық ұланды Мемлекеттік күзет қызметі етіп қайта құру туралы 21 сәуір күнгі жарлығымен сәйкестендіретін баппен толықтырылғанын айтады.