Футболдан әлем чемпионаты

В тобындағы Нидерланд құрамасы Испанияны 5:1 есебімен жеңді. Бұл матчта Нидерланд құрамасы капитаны Арьен Роббен екі гол салды. Испания құрамасы әлем чемпионатында ірі есеппен соңғы рет 1950 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионатында жеңілген. Ол кезде Испания Бразилиядан 1:6 есебімен ұтылған. Сальвадор, 13 маусым 2014 жыл. 

Әлем чемпионатының фавориттері саналатын Италия мен Англия арасындағы матчта италиялықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл - екі құрама арасындағы 25-кездесу: он матчта Италия, сегіз ойында Англия жеңсе, жеті матч тең аяқталған. Амазония, 14 маусым 2014 жыл.

Италия құрамасының қақпашысы Салваторе Сиригудің Англиямен ойыннан соң жеңіске қуанып тұрған сәті. Амазония, 14 маусым 2014 жыл. 

Әлемдегі ең қымбат ойыншы Месси (трансферлік құны - 120 миллион еуро) бастаған Аргентина құрамасы бірінші матчында Босния және Герцеговинаны 2:1 есебімен ұтты. Рио-де-Жанейро, 15 маусым 2014 жыл. 

Әлем чемпионатына алғаш қатысып жатқан Босния және Герцеговина құрамасының жанкүйері Сараево қаласындағы орталық алаңда Аргентина - Босния және Герцеговина матчын тамашалап тұр. Сараево, 16 маусым 2014 жыл. 

УЕФА президенті Мишель Платини, ФИФА президенті Зепп Блаттер және Германия канцлері Ангеле Меркель Германия-Португалия матчында. Бұл ойында 4:0 есебімен Германия жеңді. Сальвадор, 16 маусым 2014 жыл.

Германия-Португалия матчында португалиялық Пепе (сол жақта) мен германиялық Томас Мюллер (оң жақта) қақтығысып қалды. Пепе германиялық ойыншыны баспен ұрғаны үшін алаңнан қуылды. Сальвадор, 16 маусым 2014 жыл. 

Өзбекстандық төреші Равшан Ирматов әлем чемпионатында төрелік етіп тұр. Биылғы біріншілікте ол өзінің төрешілік қызметін Швейцария-Эквадор матчынан бастады. Бразилия, 15 маусым 2014 жыл. 

Бразилиялық тұрғындар әлем чемпионаты кезінде түрлі қарсылық шараларын ұйымдастырып жатыр. Рио-де-Жанейро, 15 маусым 2014 жыл. 

Иран мен Нигерия құрамалары арасындағы матчта есеп ашылған жоқ. Куритиба, 16 маусым 2014 жыл. 

Иран құрамасының жанкүйерлері. Куритиба, 16 маусым 2014 жыл. 

Топтық кезеңнің бірінші турында 45 сары қағаз көрсетілген. Ал үш ойыншы қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. 

А тобындағы Бразилия мен Мексика арасындағы матчта 27 қауіпті шабуыл ұйымдастырылғанымен есеп ашылған жоқ. Фортазела, 17 маусым 2014 жыл.

Мексика жанкүйерлері Бразилиямен тең ойынға қуанып жүр. Мехико, 17 маусым 2014 жыл. 

Ресей құрамасы алғашқы матчында Оңтүстік Кореямен 1:1 есебімен тең түсті. Бұл - биылғы әлем біріншілігінің бірінші турындағы соңғы матч. Бірінші турдағы 16 ойында барлығы 49 гол салынды. Куяба, 18 маусым 2014 жыл.