Вагонда тұратын отбасы

Your browser doesn’t support HTML5

Қызылордалық Кирилл Кан азаматтық некедегі жұбайы Роза Бегалиева, алты жасар қызы және ересек ұлымен бірге Тасбөгет кентінің «Сабалақ» саяжайында вагонда тұрып жатыр. Ол баспана сұрап жергілікті және орталық билікке хат жазғанын айтады. Қызылорда қалалық әкімдігі «бұрынғы үйін ересек қызының атына аударып беріп үйсіз қалған Кирилл Кан баспана алу кезегінде 3028-адам болып тұр» деп мәлімдеді. 20 маусым 2014 жыл.