Украина әскерін марапаттау

Your browser doesn’t support HTML5

Петр Порошенко Славянск және Харьков қалалары арасында әскер аралағанда оның төбесінен әскери ұшақтар үнемі жағдайды бақылап жүрген. Әскерді Славянск маңында марапаттаған ол "қаладағы бейбіт өмірді жылдам қалпына келтіреміз» деді. Украина әскері үш айдан бері ресейшіл сепаратистермен соғысып жатыр. Бірнеше қаланы тастап шегінген ресейшілдер Донецк пен Луганскіге бекінді. Порошенко олармен келіссөз жүргізуге дайын. Ол «келіссөздерде берілу, қаруды толық өткізу, рақымшылық мәселесін қарастыру, Украина билігін орталықсыздандыру ғана ұсынылады» деп мәлімдеді.