Қытайдағы жер сілкінісі

Your browser doesn’t support HTML5

Қытайдың оңтүстігіндегі Юньнань провинциясында 3 тамыз күні болған күшті жер сілкінісінен 350-ден аса адам қаза тауып, жүздеген адам зардап шеккен. АҚШ геологиялық қызметінің деректері бойынша, 6,1 магнитудалы зілзаланың эпицентрі Чжаотун қаласынан 23 километр қашықтықта, 10 километр тереңдікте болған. Зілзала дүмпуі көршілес Гуйчжоу және Сычуань провинцияларында да сезілген. Табиғат апаты болған аймаққа екі жарым мың әскер мен полиция, құтқарушылар жөнелтілген.