Күнделікті бағдарлама

Your browser doesn’t support HTML5

Маусым айында Ақтаудағы қатаң режимдегі түрмедан қашқандар мен түрме басшыларына қатысты іс сотқа жіберілді. Өткен жылы Алматыда жұмбақ жағдайда қаза тапқан қырғызстандық журналистің ұрлануына қатысы бар делінген күдіктілердің ұсталғаны хабарланып отыр. Алматыда Руханият жасылдар партиясының діни бірлестіктер мен ұйымдардың өкілдерімен өткізілген талқылауда қоршаған ортаны қорғау, экология мәселелерін талқылады. Қазақстанның Семей аймағында Абайдың 165 жылдығына арналған мерекелік шаралалар ақындардың жыр мүшайрасымен басталды.