Күнделікті бағдарлама

Your browser doesn’t support HTML5

Алматыда оппозициялық «Халық билігі» блогының өткізген баспасөз жиынына келген бір топ адам «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловқа қарсы жанжал бастап, соңы төбелеске ұласып барып басылды. Сәрсенбі күні Қазақстандағы бес бірдей тәуелсіз басылым басшылары биліктің «өздеріне қарсы соғыс ашқандығын» мәлімдеді. Осы күндері басталған жаппай қысымға алуды олар – Астандағы ЕҚЫҰ саммитіне дайындықтың бір түрі деп біледі. Ал билік органдары әдеттегідей түсініктеме бермейді.  Ақтөбе облыстық қаржы полициясы бастығының орынбасары Қайрат Жолшыбековтың мәйіті Илек өзенінің бойынан 26 қазан күні таңертең табылған. Оның жүргізушісі Жолшыбековтың өзін өзі қалай атқандығын көргенін айтқан делінеді. Күзге қарай базарлар мен дүкендерде күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасының шарықтап бара жатқанына алушымен қатар, сатушы да алаңдайды екен. Бірақ қымбатшылықтың нақты себептерін екі тарап та білмейді, дегенмен өздерінше топшылап тон пішеді.