Дөңгелек үстел

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқаны қайнап тұрған кезде мешіттерде жұма намаз алдындағы уағызда «билікке мадақтаулар айтылады» деп мәлімдейді дінтанушылар. Қазақстан - дін мемлекеттен бөлінген, зайырлы мемлекет ретінде жариялады. Ал саяси биліктің үгіт-насихат науқанын мешіттерде жүргізуі Конституция мен шариғат заңына қайшы келмей ме? Биліктің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын өзінің үгіт-насихат науқанында пайдалануы, жұма намаздарда қазіргі билікке мадақ уағыз айтқызуы - жамиғатты, араб елдеріндегідей, биліктің өзіне қарсы көтермей ме? Азаттық радиосы өзінің кезекті дөңгелек үстелінде осы мәселелерді талқылайды.