Күнделікті бағдарлама

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда өтетін президенттік сайлауға түсетін төрт кандидаттың бірі Жамбыл Ахметбековтың сайлауалды ш штабының өкілдері Астанада өткізген баспасөз мәслихатында өздеріне қарсы түрлі қоқан лоқы жасалып жатқанын мәлімдеді. Президенттікке кандидат Ғани Қасымов Азаттық радиосына тікелей желіде сұқбат беруден бас тартты. Таяуда БҰҰ-ның Женевадағы өкілдігінің жетекшісі қызметіне тағайындалған Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа қызметіне сәуірдің ортасынан кіріседі. Жапонияда табиғат апаты болған тұста сол елде оқу-тәжірибеден өтіп жүрген қазақстандық техник-маман Серік Мұратханның Токиодан Азаттық радиосына берген сұқбатында жапондардың қайратына қайран қалғанын айтады және жергілікті биліктің көмек қолдауы да жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті. Орталық Азияда азық-түліктің үздіксіз қымбаттап бара жатқаны әлеуметтік толқуға түрткі болуы мүмкін деп жазады Батыс баспасөзі.