Күнделікті бағдарлама

Your browser doesn’t support HTML5

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 17-ші сессиясы өтті. Президент Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушыларды атқарған игі істеріне алғысын білдіріп, 2020 жылға дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының даму стратегиясын бекіту қажеттігін айтты. "Фридом хауз" Қазақстанда қазір интернет пайдалану еркіндігі белгілі бір мөлшерде болғанымен, ендігі бірер жылда интернет еркіндігі шектелуі әбден мүмкін екенін айтады. Қазақстанның батыс өңірінде көктемгі су тасқынынан зардап шеккен ауылдардың ахуалы қалай болып жатқанын да шолып өтетін боламыз. Табиғат апатынан үш адамның құрбан болғаны расталып отыр. Араб елдерінің басшылары тақтан тайдырылып жатқан тұста, Назарбаев өз өкілетін ұзартудың қамымен жүрді дейді «Вашингтон пост» басылымы. Қарағанды облысындағы «Қазақмыс» корпорациясының 1 мыңнан аса көлік жүргізушілері бүгін жұмысқа шықпай қалды.