Күнделікті бағдарлама

Your browser doesn’t support HTML5

Үкіметтік емес ұйымдардың Адам құқықтары саласында жүзеге асып жатқан ұлттық іс-қимыл жоспарының орындалуына көңілдері толмайды. Баспасөзді қорғау ұйымдары сөз бостандығы аясында үкіметтің бір қадам алға, екі қадам артқа шегінгенін айтса, адам құқығын қорғайтын ұйымдар қысым мен азаптауға қарсы шаралардың жүйелі түрбе қолға алынбай отырғанын сынайды. Киевтегі басқосуда сөз сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл әлемді атомды бейбіт мақсатта пайдаланудағы қауіпсіздік мәселесімен айналысуға мәжбүр еткен осы Чернобыль апаты екенін атап өте келіп, Қазақстан атом энергиясын дамытудағы барлық жағдайды екшеп жан-жақты ойластырып кіріскелі отыр деп атап өтті. Осы орайда Курчатов қаласындағы ұлттық ядролық орталықтың жетекшілері ядролық отын өндіру ісіне қолдау танытса, эколог ғалымдар Фукусимадағы жарылысты алға тарта отырып, атомның ешуақытта қауіпіз болмайтынына назар аударады. Cайд Бурятскийдің көмекшілерінің бірі Дағыстанда өлтірілді, ол исламшыл бүлікші Қазақстан азаматы болуы мүмкін деп хабарлады Ресейдің арнайы қызметі. Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы франциялық вебсайтпен не үшін соттасып жатыр?