Зерде

Your browser doesn’t support HTML5

Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан қазақстандық ардагерлер әңгімелейді. 1986 жылдың 26 сәуір күні Украинада орналасқан Чернобыль АЭС-нің 4-ші энергоблогында алапат жарылыс болды. Бұл атом энергиясын қолдану жолындағы адам баласы бетпе-бет кездескен аса үлкен апат еді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан төрт мыңдай адам қаза тапты деп хабарлады. Апат салдарынан радиоактивті заттар, соның ішінде уран изотопы, плутоний, иод-131, цезий-134, цезий-137, стронций-90 қоршаған ортаға таралды. Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз қалып отыр.