Руханият

Your browser doesn’t support HTML5

"Кенесары-Наурызбай" жыры ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалуға бағытталған ұлт-азаттық қозғалысы, оның кемеңгер қолбасшысы, халқымыздың соңғы ханы - Кенесары Қасымұлы мен жанын шүберекке түйіп, отаршылдық жүйеге қарсы күрескен Наурызбай, Ағыбай сияқты батырлардың ерлігі тарихи тұрғыдан зерттелсе де, дәл осы айтулы оқиғаға қатысушы қаһармандардың рухани мұраларда сомдалуы жан-жақты зерделенген жоқ дейді біздің бүгінгі сұхбатшымыз, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Серікбай Қосан. Ханның батырлық тұлғасы қазақ әдебиетінде тұңғыш рет Нысанбай жыраудың «Кенесары - Наурызбай» дастанында сомдалғаны белгілі. Өйткені Нысанбайдың өзі сол жорыққа қатысқан, кейін хан мерт болған соң қырғыз жерінен қашып шығып, Орта азия елдерінде біраз уақыт бас сауғалап жүргендігі тарихи деректерде аракідік айтылады.